• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Тамыз, 2024

Ақмола облысында «Газель» көлігі тепловозға соғылды

147 рет
көрсетілді

Бүгін Жақсы – Есіл – Бұзулық тасжолының 72 шақырымында келе жатқан «Газель» көлігінің жүргізушісі теміржол өткелінде тыйым салынған бағдаршамға өтіп кетіп, тепловозға соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

41 жастағы жүргізуші зардап шеккен жоқ, бірақ көлік зақымданған. Сонымен қатар «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-не материалдық шығын келтірілді.

«Көлік құралының жүргізушісіне қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен «Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адам денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы, көлік құралдарын немесе өзге де мүлікті бүлдіру» және ҚР ӘҚБтК-нің 607-бабының 1-бөлігі бойынша «Темір жол өткелдерінен өту қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.

Полицейлер барлық жол қозғалысы қатысушылары теміржолда сақтық танытып, темір жолдарды тек арнайы жабдықталған орындарда кесіп өтулері қажет екенін еске түсірді.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, облыста теміржол өткелдерінде жазатайым оқиғалар тіркеліп жатыр.