Семей қаласында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Жергілікті полиция аталған факті бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға 13 тамыз күні болған. Облыс орталығындағы Бозтаев-Первомайская көшелерінің қиылысында жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Нәтижесінде ер адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.Қазіргі уақытта жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.