Алматы-Өскемен тасжолының 88 шақырымында Opel Antara, Toyota Camry және Mercedes Benz көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облысының полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған, үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
«Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.