• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Шығыс Қазақстан облысында қойма өртенді

63 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер қоймадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Өскемен қаласындағы азық-түлік қоймасының үй-жайында болған. Қоймадағы картон қораптар өртенген. Өрт 50 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт таралып үлгермеген. Қазір қауіп жоқ, өрт толығымен сөндірілген.