Технологияның түрленіп, сананың сілкінуімен еңбек нарығы елеулі түрде өзгеріп жатыр. Бақсақ, бұрынғыдай қайткенде заңгер, сот, экономист боласың деген кесімдер де көлегейленіп келеді. Себебі ғаламтор қарыштап, жасанды зерде қанат жайғалы тұлға қалаған мамандығын қашықтықта отырып-ақ еңсере береді не өзін жұмыспен қамтуға қауқарлы, деп жазады Egemen.kz.
Құбылып тұрған жұмыс үрдісінде қалыптасқан жайттар да бар. Оның бірі − елдегі ең стресті аталатын мамандықтар.
«Еңбек адамы» идеологиясына қоғамдық қызығушылық және Қазақстандағы кәсіптердің беделі талдамалық есебінде 2023 жылдың қорытындысына сай мына мамандықтар жүйкеге ең көп салмақ жүктейтін кәсіп екені белгілі болды:
Мұғалім: 37, 6 пайыз;
Дәрігер: 31, 7 пайыз;
Өрт сөндіруші: 20, 6 пайыз;
Тәрбиеші: 14, 3 пайыз;
Мемлекеттік қорғанысқа байланысты кәсіптер: 14 пайыз.
Қазақстан қоғамдық даму институты «МediaLab» орталығы Әдістемелік сүйемелдеу басқармасының басшысы Жақсыбек Жиеналиев қосынды 100%-ға тең емес екенін, себебі респонденттер бірнеше жауап нұсқасын белгілей алғанын ескертеді.
Жақсыбек Жиеналиев сауалдама қорытындысына сай Қазақстанда өткен жылы жоғары сұранысқа ие болып, ең танымал болған 5 кәсіпті газетіміздің бүгінгі санында жарық көрген материалында тарқата жазған.