Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева ұлыбританиялық Харриет Дортты жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ойын 1 сағат 47 минутқа созылды. Юлия Путинцева ұлыбританиялық Харриет Дортты 4:6, 6:0, 6:1 есебімен жеңіп, турнирдің екінші айналымына шықты. Путинцеваның келесі қарсыласы − Коко Гауфф. Айта кетейік, АҚШ-тағы турнирге Елена Рыбакина да қатысып жатыр. Ол жарысты бірден екінші айналымнан бастайды.