• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

46,5 миллиард теңге: Биыл жұмыссыз жүрген 150 мың азамат алғаш рет өтемақыға өтініш берген

10 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2024 жылдың 1 тамызына дейінгі мәліметтер бойынша, жұмысынан айырылған 198,5 мың адам әлеуметтік төлем алған, оның ішінде 148,9 мың адам, яғни 75 пайызы биыл алғаш рет жұмыссыздық үшін өтемақыға жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан мәліметке жүгінсек, жалпы төлемнің сомасы 46,5 миллиард болған.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімде жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік төлемдер ала алады. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен соңғы 24 айдағы кіріске байланысты төленеді және жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі соманы қамтиды.

Әлеуметтік төлемді қалай алуға болады?

1. eGov.kz порталында тіркелу қажет.2. "Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру" бөлімінен "Жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу" қызметін таңдау керек.3. Қызметке онлайн тапсырыс беріп, барлық өрістерді толтыру және өтінімді ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.4. Бір күн ішінде тұрғылықты жердегі карьералық орталық (КО) бос жұмыс орындарын ұсынады.5. Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде онлайн режимде жұмыссыз мәртебесі беріледі.

Бұл қызметті сондай-ақ Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы онлайн алуға болады. Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәлімет болған жағдайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі мобильді телефонға ГФСС-дан төлем тағайындау қызметіне келісім туралы SMS-хабарлама жібереді. Келісім берген жағдайда, төлем автомат түрде тағайындалады.

Еске салайық, ГФСС-дан жұмыссыз қалу жағдайында төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босату себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және ол адамның жұмыс іздеу кезінде қолдау көрсетуге арналған.