• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Кино 14 Тамыз, 2024

«Жабайы алма» туралы сериал

87 рет
көрсетілді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» повесінің желісімен алты бөлімді сериал дайындап жатыр. Екіжылдық жобаның биыл сценарийі жазылып, жаздық сюжеттері түсіріледі. Түсірілімнің басым жұмыстары қыста болады. Телехикая келесі жылдың мамыр айында эфирге жоспарланып отыр.

Сайынның «Жабайы алмасы» көп оқырманға таныс. Шығармада сұрапыл соғыс жылдарындағы тылдағы ауыр тірші­лік қаз-қалпында суреттеледі. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдыр­дың талқысына түссе де, адамдық бей­нені, адамгершілік қасиетті жоғалт­пауға, өмірге деген үміттен түңіл­меу­ге, тағдыр тауқыметіне мойымау­ға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін сақтауға тырысады.

Жаңа жобаның продюсері – Назгүл Қарабалина, қоюшы-режиссері – Айдын Сахаман, сценарий авторы – Қанат Рамазан. Актерлік құрамға келсек, Қа­нат­ты – Заңғар Миятұлы, Назираны – Жәнел Атамбекова, Бағиланы – Назгүл Қарабалина, Зибаш – Мадина Келгенбай, Нұрсұлуды – Мадина Құлсейітова, Бүбінайды – Зәуре Көпжасарова, Бай­далыны Омар Қиқым ойнайды.

«Үлкен шығарманы алты серияға сыйдыру мүмкін емес. Сондықтан кей сюжеттерді сценарийде қамти алмадық. Яғни 70-80 пайызы кітаптан алынса, 20-30 пайызы – сценарий авторының еңбегі. Соғыс кезінде болғандықтан оқи­ға уақытын ауыстыруға тура келді. Шы­ғармада көп сюжет жазда болса, се­риалда қыста суреттеледі. Актерлік құ­рам театрлардан жинақталды. Бәрі – ел­ге белгілі, танылған өнер адамдары. Сол кездегі қазақ даласын түсіру, шы­найылықтан алыстамау оңай емес. Ал­маты маңындағы Ақөзек деген ауыл таң­дап алынды. Суретшілер сол заманға сай етіп, декорацияларын жасады, рекви­зиттер іздеп, костюм­дерді лайықтап тігу біраз уақыт пен күш-қуатты қа­жет етеді. Қазір жаз­ғы түсірілім жұмыс­тарын аяқтадық. Ең негізгі қыста болатын түсірілімге дайында­лып жатырмыз», дейді режиссер Айдын Сахаман.