• RUB:
    4.99
  • USD:
    523.54
  • EUR:
    546.47
Басты сайтқа өту
Заң 15 Тамыз, 2024

Алматыда ірі көлемде қаржы жымқырған емхана есепшілері сотталды

66 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Медеу ауданының соты қалалық емхананың бухгалтерлері К. Хангиреева мен А. Туғанбаеваға қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Есепшілер ауруханада жұмыс істемеген адамдарға жалақы және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталды. 

Сот үкімімен бас бухгалтер К. Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, оның қарамағындағы қызметкер А. Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.