• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:23

Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

30 рет
көрсетілді

Достық көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір аялдамаларға қоғамдық көліктер уақытша тоқтамайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

CTS баспасөз қызметінің хабарлауынша, Достық көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр даңғылы бағытындағы «Бағланова атындағы Қазақконцерт», «Қорғаныс министрілігі» аялдамалары мен «Керуен» сауда орталығына баратын жолдар уақытша жабылды. № 18, 28, 30, 32, 40, 46, 50, 51, 56, 60 маршруттары аталған аялдамаларға уақытша тоқтамайды.

Сонымен қатар Достық көшесінің бойындағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің аялдама пунктіне өтетін жол да жабылған. Осыған байланысты № 30, 32, 40, 46, 51, 56 маршруттары уақытша жолаушыларды отырғызбайды және түсірмейді.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі әлі нақтыланған жоқ. Қала тұрғындары мен қонақтарынан ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды қадағалап отыру ұсынылады.