• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Тамыз, 2024

Биыл 14,7 мың адам жастар практикасы арқылы жұмысқа орналасты

90 рет
көрсетілді

2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жастар практикасы бойынша 14,7 мың адам жұмысқа орналастырылған. 2024 жылы осы бағытта барлығы 40 мың жасты жұмысқа орналастыру жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістанда – 2,9 мың адам, Жамбылда – 1,6 мың адам, Қызылордада – 1,1 мың адам, Шымкент қаласында – 1,2 мың адам.

«Жастар практикасына қатысатын әйелдердің үлесі 63,3% немесе 9,3 мың адамды, ауыл тұрғындарының үлесі – 8,6 мың адамды немесе 58,1%-ды құрайды. Алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектері жастар практикасына қатыса алады. Жастар практикасына қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет. Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыларға кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәлімгерді бекітеді. Республика бойынша орташа жалақы мөлшері 109,5 мың теңгені, Ақтөбе облысында ең жоғары көрсеткіш – 120,9 мың теңгені құрады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, жастар практикасын қаржыландыруды Еңбек мобилділігі орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайынғы жалақы төлеу арқылы жүзеге асырады. Төлем екінші деңгейдегі банктерде ашылған қатысушылардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жұмыс беруші ұсынған мәліметтер негізінде жүргізіледі.

Жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастырылғандар арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар:   

Мейіргер – 1 084 адам; Заңгер – 767 адам; Тәрбиеші – 558 адам; Бастауыш сынып мұғалімі – 541; Бағдарламашы – 524 адам.