• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Тамыз, 2024

Балқаш көлінің жағасында демалушылар уланып қалды

166 рет
көрсетілді

14 адам ауруханаға медициналық көмек алу үшін жүгінген. Оның 9-ы жас бала, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Балқаш көп профильді ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне 14 адам (5 ересек, 9 бала) түскен. Пациенттердің жағдайы орташа ауыр. Олар тексеруден өтіп, ем тағайындалған. Ауруханаға жатудан бас тартқандықтан, қарқынды бақылау палатасына орналастырылды», делінген Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хабарламасында.  

Демалушылардың айтуынша қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы төмен, санитарлық талаптарға сай келмейді.