• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Тамыз, 2024

«Jas Keñes Sıylyğy»: Астанада жас мамандар марапатталды

165 рет
көрсетілді

Астанада жас мамандарға арналған «Jas Keñes Sıylyğy» жастар сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.  Бұл сыйлық Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері бастамашылық еткен тәуелсіз сыйлық  және биыл алғаш рет табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Сыйлықтың бастамашылары бұл жобаның мақсаты қоғам үшін маңызды салаларда жұмыс істейтін, өңірлердегі кіші және орта буын жас мамандарды көтермелеу екенін атап өтті.

Сыйлықтың құрылтайшылары бұл сыйлық әлеуметтік маңызы бар және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға ықпал ететініне және Мемлекет басшысының қоғамдағы «Еңбек адамы» мәртебесін арттыру туралы тезистеріне толық сәйкес келетініне сенімді. 

Конкурсқа барлығы 7 номинация бойынша 707 өтінім берілген. Нәтижесінде әр номинация бойынша 2 жеңімпаздан анықталған.

«Önerkäsıp» номинациясы:

- Токушев Ернур Болатович – «Өскемен ЖЭО» ЖШС қазандық жабдығының аға машинисі;

- Гумаров Руслан Айдынович – «Qarmet» АҚ көмір департаментінің энергокөмір бөлімшесінің 4-разрядты жерасты электрослесары.

«Janqiarlyq» номинациясы:

- Аугамбаев Ермек Еспергенович – Алматы облысы Полиция департаменті Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасының Шелек полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы;

- Саматов Жұбаныш Саматұлы – Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері.

«Bızdıñ üi» номинациясы бойынша:

- Ержанова Александра Игоревна – «Горводоканал» МКК инженер-зертханашысы  (Екібастұз қаласы);

- Зкриянова Зарина Жангировна  – «ГСУ Құрылыс» ЖШС сылақшы-бояушысы  (Павлодар қаласы).

«Kömek qoly» номинациясы:

- Мукашева Гульмира Муратовна – «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағдарламасы бойынша «ЖМЖМ» Қазақстан медициналық университетінің докторанты  (Алматы қаласы);

- Намелбек Азамат Намелбекұлы – «Жамбыл облысының Жастар мәслихаты» ҚБ төрағасы.

«Adamgerşılık» номинациясы:

- Умарова Зульфия Альдибековна – Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жан Сая» дағдарыс орталығы» КММ арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және анықтау жөніндегі әлеуметтік қызметкері;

- Вагин Юрий Павлович – «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедек балалар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкері.

«Altyn jürek» номинациясы:

- Амантаева Шырын Жарқынқызы – «Өмірге сен» ҚҚ жанындағы оңалту, респираторлық қолдау және паллиативтік көмек орталығының медбикесі;

- Бақыткелді Дархан Бақыткелдіұлы – «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы» ШЖҚ МКК аға фельдшері.

«Bolaşaq turaly qamqorlyq» номинациясы:

- Әмірәлі Балжан Бегалықызы – Шымкент қаласы Абай Құнанбаев атындағы мектептің химия пәнінің мұғалімі;

- Куянбаева Дана Бакытовна – Астана қаласының №87 «Қадыр» балабақшасының тәрбиешісі.

Айта кетерлігі, сыйлықтың өзі мен жүлде қорын ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері құрып, ұйымдастырған.

Сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсіміне мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Мәжіліс депутаттары, белгілі спортшылар, қоғам қайраткерлері және жастар өкілдері қатысты.

Сыйлықтың құрылтайшылары елдің үдемелі ілгерілеуі барлық азаматтардың жасампаз күш-жігеріне байланысты екеніне сенімді. Егер әркім өз учаскесінде өз жұмысын жауапкершілікпен және сапалы орындайтын болса, онда ел кез келген мақсатқа қол жеткізе алады. Бұл тәсіл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында сөйлеген сөзінде атап өткен «Жауапты адам – Адал еңбек – Еңбек сіңірген жетістік» әмбебап және сыйымды формуласына толық сәйкес келеді.