• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Тамыз, 2024

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады

110 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 19 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 19 тамыз күні солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылып тұрады, найзағай ойнап, бұршақ жауады және дауыл тұрады, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында – түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.