• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Тамыз, 2024

Қазақстанда көбінесе ер адамдар өзіне қол жұмсайды - статистика

188 рет
көрсетілді

Елімізде суицидтен болатын өлім-жітім саны аздап төмендеген. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, осы жылдың қаңтар-шілде айларында елде аяқталған суицид оқиғаларының саны 2,1 мыңға жуықтап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға азайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Анықталғандай, өз-өзіне қол жұмсауға бел буғандардың негізгі бөлігі – 30 жастан асқан адамдар. Олардың көпшілігі (81,5%) қаралы күні ішімдік ішпеген және есірткі қолданбаған. Ал, салыстырмалы түрде балалардың суицид жасауы аз тіркелген, атап айтқанда, 112 жағдай.

Десе де, елде соңғы бірнеше жылдағы суицидтен болатын өлім-жітімнің статистикасы жалпы жоғары деңгейде. Сондай-ақ экономикалық дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары екені атап өтілді.

Статистика көрсеткендей, Қазақстанда суицид көбінесе ересек ер адамдар арасында кездеседі екен. Мысалы, биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында аяқталған суицидтердің 74,9%-ы ересек ер адамдар арасында болған. Өз-өзіне қол жұмсаудың себебін сарапшылар депрессия мен басқа да психикалық денсаулық проблемаларының негізі деп санайды.

Айта кетейік, Қазақстанда суицидті тергеу қылмыстық құрам тұрғысынан жүргізіледі. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылық – өзін-өзі өлтіруге итермелеу белгілері болса, іс қозғайды. 2024 жылдың жеті айында өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген немесе аяқталған 4,5 мың оқиғаның 852-сі ғана қылмыстық іспен аяқталған.