Атырау қаласы Химпоселок ықшам ауданындағы көшелердің бірінде жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 160 шаршы метр алаңда болған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт толығымен сөндірілген.
Зардап шеккендер жоқ. Өрт балалардың отпен ойнауының салдарынан болған.