• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Жауынгерлік спорт түрлерінен жабық ғимараттағы Азия ойындары өтпейтін болды

20 рет
көрсетілді

21-30 қараша күндері Таиландтың Бангкок және Чонбури қалаларында ұйымдастырылуы тиіс жауынгерлік спорт түрлерінен жабық ғимараттағы 6-шы Азия ойындары өтпейтін болды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

15 тамызы күні Азия Олимпиада Кеңесінің Атқарушы комитеті шұғыл жиын өткізіп, жарысты ұйымдастырушы қалалардың бюджеті мен инфрақұрылымының болмауы  мен өзге де талаптарға сай келмейтінінін анықтап, ойынды өткізбеу туралы шешім қабылдады. 

Айта кетейік, аталған ойындар COVID-19 індетіне және Таиланд билігінің ауысуына байланысты бірнеше рет шегерілген болатын. 

Атқарушы комитеттің шешімі бойынша, келесі Ойындар Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтпек.