• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Тамыз, 2024

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

91 рет
көрсетілді

Абай облысында болған жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапты. Жол апаты 15 тамыз күні сағат 15:20 шамасында Омбы-Майқапшағай тасжолында болды, деп хабарлайды Egemen.kz obvk.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі Toyota Camry көлігі бетпе-бет соқтығысты. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, алты жолаушы түрлі дене жарақаттарымен емдеу мекемесіне жеткізілді.

«Аталған факті бойынша көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады», деп толықтырды ведомстводан.

Тергеуді Абай аудандық ІІД басшылығы өз қолына алды.