Оқиға 21 Тамыз, 2024

Мектеп дәптерлері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды

172 рет
көрсетілді

Осы жылдың маусым айында Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген еді, деп жазады Egemen.kz.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді. 

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт бой тасалап жүрген.  

Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.