• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Тамыз, 2024

Олжас Бектенов паралимпиадашыларға мемлекеттік туды табыстады

113 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылғы XVII жазғы Паралимпиада ойындары қарсаңында Қазақстан құрамасы мүшелерімен кездесіп, мемлекеттік туды табыстады, деп жазады Egemen.kz. 

28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде Паралимпиада ойындары өтеді.

Осы ойындардың ашылу салтанатында ел туын отырып ойнайтын волейболдан Азия Паралимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстан чемпионатының он дүркін жеңімпазы Берік Ізмағанбетов пен пара оқ атудан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Севда Алиева ұстайды.

Олжас Бектенов кездесуде ұлттық паралимпиада құрамасына табыс тіледі.

«Паралимпиада – бұл жай ғана спорт емес, бұл адам бойындағы қайсар рух пен шексіз ерік-жігердің шынайы көрінісі. Сіздердің жеңіске деген құштарлық, бейбіт күннің батырларына тән қаһармандық қасиеттеріңіз қандай құрметке де лайық. Миллиондаған адам жанқиярлық еңбек пен өр мінезден шабыттанып, өмірдегі қиындықтарды еңсеруді үйренеді. Бүгін өздеріңізге табыс етіп отырған көк туымыз – айбынды рухымыз бен мызғымас бірлігіміздің, жарқын жеңістің нышаны. Мемлекет басшысы әлемнің ең басты спорт сайыстарында ел намысын қорғау мәртебелі міндет әрі зор жауапкершілік екенін айтты. Сіздер халықаралық аренада Қазақстанды лайықты дәрежеде танытып, елімізге жоғары нәтиже, жаңа жүлдемен оралатындарыңызға сенімдіміз», деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, Париждегі Паралимпиадада 44 ел атлеті 9 спорт түрінен жүлдеге таласады.