Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса қызметінен кетті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мен Көкшетау қаласының әкімі қызметінен кеттім. Біз қалалық инфрақұрылымды жақсартуға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар бастаманы іске асыра алдық деп ойлаймын. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 144 КТҮ тапсырылды, 170 км астам жол жөнделді, 39 балалар мен 47 спорт алаңдары салынды. Биыл Халық қатысатын бюджет жобасын іске асыру аясында 19 алаңның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Осындай қиын, бірақ қызықты жолда менімен бірге болғандардың барлығына алғыс айтқым келеді», деді экс-әкім.
Айта кетейік, Бауыржан Ғайса 2021 жылдың 25 наурызынан бастап осы қызметте болған еді.