• RUB:
    5.21
  • USD:
    476.81
  • EUR:
    528.4
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 15:24

Қазақстанда соңғы қоңырау күні ауыса ма

41 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрі 2024-2025 оқу жылында соңғы қоңырау қашан болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Назарбаев Университеті базасында өткен мұғалімдердің республикалық тамыз саммиті аясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа «Соңғы қоңырау 25 мамырдан 1 маусымға ауыстырыла ма?» деген сұрақ қойылды. 

Журналистің сұрағына жауап бере отырып министр соңғы қоңырау басқа күнге ауыстырылмайтынын айтты.

«Жоқ ауыстырылмайды. Бұйрық шығып үлгерді және ол жерден барлық демалыс күндерін көре аласыздар, сондай-ақ оқу жылының аяқталу уақыты да өзгеріссіз қалды», деп жауап берді министр.