• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Тамыз, 2024

Қытайда шахта апатынан жеті адам қаза тапты

118 рет
көрсетілді

Сычуань провинциясында (Оңтүстік-Батыс Қытай) көмір шахтасында болған апат салдарынан жеті кенші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай сәрсенбіде Сычуань провинциясының Лэшань қаласында кеншілер көмір шахтасында желдету бөшкесін тығыздау жұмыстарымен айналысып жатқанда болған. 

Іздестіру-құтқару операциясы барысында жеті адамның қаза тапқаны расталды, бір адам із-түзсіз жоғалғандар тізіміне енгізілген.

Анықталғандай, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті билік апаттың себептерін анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.