• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Құқық 22 Тамыз, 2024

«Цифрлық сот орындаушы» жұмысын бастады

90 рет
көрсетілді

Әділет министрлігі еліміздің бүкіл аумағында «Цифрлық сот орындаушыны» іске қосты. Бұл жүйе азаматтардың 5 миллиард теңгеден астам қаражатын үнемдеуге мүмкіндік бермек.

Министрліктің хабарлауынша, мұндай мүмкіндік министрліктің бастамасымен жеңілдетілген өндірістің жаңа институты аясында халық игілігіне ұсынылып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде азаматтардың ақшалай міндеттемелерін төмендету және әділет органдарының жұмысын одан әрі цифрландыру бағытын­дағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді.

«Бұрын қарызды уақтылы өтемеген жағдайда, азаматтар жеке сот орындаушының қызметі үшін айыппұл сомасына қосымша 25% қаражат төлеуге міндетті болған. Енді азаматтар осы шығындардан және жеке сот орындаушыға барудан босатылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі сомадағы оңайлатылған өндіріске азаматтар «eGov mobile»-да іс туралы жан-жақты ақпараты бар 1414-тен SMS хабарламалар мен push-хабарламалар алады.

Халыққа ыңғайлы болу үшін барлық қамтамасыз ету шарасын (тыйым салу) автоматты түрде алып тастай отырып, берешекті онлайн төлеу қолжетімді болмақ. Осы­лайша, адами фактор толығы­мен алынып таста­лады», делінген Әділет министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ алдын ала есептеу­лер бойынша жеке сот орындау­шыларына қызмет ақысының 25%-ын алып тастау есебінен жыл сайын азаматтардың қаржы­­лық жүктемесі шамамен 5,5 млрд теңгеге төмендейді деген болжам бар.

Осылайша, сот орындаушыларымен байланысудың, барлық әрекет онлайн режімін­де жүргізіледі, өндірісті тоқтату мен қамауға алуды алып тастау үшін түбіртектер мен басқа да растайтын құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ.

Айта кететін жайт, күнтіз­белік 30 күн ішінде атқарушылық құжаттың (оңайлатылған іс жүргізу бойынша) талаптары орындалмаған жағдайда, іс жеке сот орындаушысына орын­дауға беріледі және одан кейінгі атқарушылық әрекеттер комиссияны өндіріп ала отырып, жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

Еске сала кетсек, бұл жоба биыл 18 қаңтардан бастап Тараз қа­ла­сында сынақтан өткізілген еді. Аза­маттардың ақшалай мін­детте­мелерін төмендету, қағаз тасы­ғыш­тан толық бас тарту және атқа­ру­шылық іс жүргізуді орындау үдерісінде адами факторды алып тастау түрінде оң нәтиже көрсетті.