• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Мәдениет 22 Тамыз, 2024

Тәжікстанда Қазақстанның мәдени күндері өтеді

126 рет
көрсетілді

Бүгін Хатлон облысының әкімшілік орталығы – Бохтар қаласында Қазақстаннан келген қонақтар делегациясын ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ховар агенттігіне сілтеме жасап.

Салтанатты кездесу рәсімі Бохтар қаласының Мемлекеттік Ту алаңында Бохтар қаласының төрағасы Абдулмажид Муминзоданың қатысуымен өткен.

Қазақстан делегациясы «Авасто» облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барған. Алдағы уақытта қонақтар жоспарланған мәдени бағдарламаны да тамашалайды.

Айта кетейік, 21-23 тамыз аралығында Бохтар қаласында Қазақстанның мәдени күндері өтеді.

Еске сала кетейік, 22-23 тамызда Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барады.

Сонымен қатар Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-инвестициялық форум өткен еді. Қазақстан мен Тәжікстан жақын арада тауар айналымын 2 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отырғаны белгілі болды.