• RUB:
    5.18
  • USD:
    475.7
  • EUR:
    529.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:10

Таразда өртеніп жатқан үйден тұрғындар эвакуацияланды

35 рет
көрсетілді

Тараз қаласында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан өрт шықты. Құтқарушылар 5 адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 5 тұрғынды баспалдақ арқылы эвакуациялады.

Пәтер ішіндегі тұрмыстық заттар өртенген. Өрт жалпы 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз», делінген ТЖМ хабарламасында.