Алматы қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ахуалдық орталығы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Бұл орталық студенттердің жатақханаға қатысты сұрақтарына жауап береді.
Ол үшін білім алушылар 8 700-950-95-28, 8 700-255-14-43 нөмірлеріне хабарласа алады.
Еске салайық, министрлік бұған дейін әрбір жоғары оқу орнының базасында Ситуациялық (ақпарат алу үшін) және Дағдарыс орталықтары (дағдарыс жағдайында студенттерді орналастыру үшін) жұмыс істей бастағанын мәлімдеген еді.