Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 654 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.
22 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 4:38-де жер сілкінісі тіркелді. Мамандардың айтуынша, ол Қазақстан аумағында байқалмаған.
Жер сілкінісінің координаттары: 40,943 N. 84.189 Е.
Бұған дейін жерасты дүмпулері Кашмирде, Жапонияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Петропавлда, Камчаткада тіркелген.