• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Тамыз, 2024

Интернетте зиян компьютерлік бағдарлама таратқан қостанайлық сотталды

84 рет
көрсетілді

Қостанайда интернетте зиян компьютерлік бағдарлама таратумен айналысқан 24 жастағы жергілікті тұрғын сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Анықталғандай, зиян компьютерлік бағдарлама интернет пайдаланушылардың жеке деректерін (логиндер, парольдер, IP-мекенжайлар) алуға мүмкіндік береді. Оларды интернет-алаяқтар қылмыстық жолмен пайда табу үшін қолдана алатыны белгілі болды.

Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу материалдары тұрғынның заңсыз түрде зиян бағдарламалар жасауға үйрету бойынша өз қызметтерін сатқаны анықталған.

Нәтижесінде жергілікті тұрғын Nº2 сот үкімімен  кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге, 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке және 15 АЕК (55380 теңге) айыппұл салуға, барлық компьютерлік техниканы алып қоюға үкім шығарылды.

Үкім заңды күшіне енді.