• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Тамыз, 2024

Атырауда суға батқан бала іздестіріліп жатыр

343 рет
көрсетілді

Атырау облысы Ақжар ауылы маңында Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімнің денесі іздестіріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қайғылы жағдай 21 тамыздан 22 - сіне қараған түні болған. Мамандарға хабар  сағат 1: 40-та берілген. 

Құтқарушылар оқиға орнына барып, 2010 жылы туған баланың рұқсат етілмеген аумақта суға түскенін анықтады.

«Атырау қаласына таяу орналасқан Ақжар ауылының тұсында 1 жасөспірімнің суға батып кеткені туралы шақырту түсті. Сүңгуірлер таңға дейін су астында іздестіру жұмысын жүргізді», делінген Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Іздеу - құтқару жұмыстары бүгін де жалғасып жатыр. Бұл іске 16 құтқарушы мен 4 техника, 4 жүзуге арналған құрал жұмылдырылған.