• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 22 Тамыз, 2024

«Қазақ газ өңдеу зауытының» басшысы кәсіпорын мүлкін заңсыз сатқан

84 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.