• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 22 Тамыз, 2024

Маңғыстауда газ өңдеу зауытының басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

70 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп жазады Egemen.kz.

Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдіктенеді.

- Залал сомасы 65 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылдың ақпан айында "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС директоры қызметіне Болат Байшуақов тағайындалған.