• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Тамыз, 2024

Атырауда суға батып кеткен жасөспірім әлі іздестіріліп жатыр

61 рет
көрсетілді

Атырауда Жайық өзеніне шомылуға барып, батып кеткен 14 жастағы жасөспірімді іздеу жұмыстары екінші күннен бері жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға туралы хабарлама кезекші пунктке 22 тамызға қараған түні келіп түскен. Оқиға Атырау қаласының іргесіндегі Ақжар ауылында болған.

«Жасөспірімнің белгісіз жерде шомылғаны қайғылы оқиғаға алып келді. Оқиға туралы қоңырау түнгі сағат 01:40-та түскен, содан кейін бірден оқиға орнына сүңгуірлер жіберіліп, таң атқанша баланы іздегенімен, іздеу жұмыстары нәтиже бермеген. Таңертең таңғы сағат 6:30-да іздеу жұмыстарына 16 құтқарушы, төрт техника мен төрт қайық қосылды. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», деп хабарлады ТЖД.

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері облыс тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, белгіленбеген жерлерде суға түспеуді ескертеді. Құтқарушылар ата-аналарды балаларын жіті бақылауға, су маңында қараусыз қалдырмауға шақырады.

Еске салайық, кеше Атырауда суға батып кеткен баланың іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.