V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының басталуына 16 күн қалды. Қазір әлем көз тіккен додаға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған дейін елімізге жебелер шетелден әкелінген еді. Енді әлемнің 35 елінен келетін мергендер Қазақстанда жасалған оқтарды пайдаланады. Садақ атудан арақашықтық әртүрлі болғандықтан ағаштың иілгіштігіне мән беріледі. Сондықтан арнайы аппарат арқылы салмағы, өлшемі, майысу күші есептеледі.
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында садақ атудан ел намысын 10 спортшы қорғайды. Ұлттық құрама мүшелері қазір қызу дайындалып жатыр.