Синоптиктер демалыс күндері және дүйсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстанның басым бөлігінде белсенді циклон шығыс бағытқа ауысты. Сол себепті алдағы күндері найзағай ойнап, жел күшейеді, жаңбыр жауады. 24 тамызда солтүстікте және орталықта, 24-25 тамызда шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін», деп хабарлады Қазгидромет.
Түнде және таңертең елдің батысы мен солтүстігінде жекелеген аудандарда тұман күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.