• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Тамыз, 2024

Ұлттық ұлан ауыр халде жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты мәлімдеме жасады

1763 рет
көрсетілді

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал Қ. Үмбетов қазір ауыр халде жатқан жауынгер Ербаян Мұхтардың оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2023 жылғы 4 желтоқсанда Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде қызмет өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар басын ауыр жарақаттап алды. Бұл факт бойынша, бұрын баяндалғандай, қылмыстық іс қозғалды, оны Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеп жатыр. Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның қадағалауында», деді генерал.

Сондай-ақ ол Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының әскери-медициналық басқармасы қатардағы Мұхтарға жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанын айтты. Оның айтуынша жауынгерге өтемақы төленіп, Ресей мен Түркияның жетекші клиникаларында одан әрі емдеу бойынша жұмыстар ұйымдастырылған.

«Біз үнемі қажетті қолдау мен көмек көрсету арқылы зардап шеккен адамның отбасымен байланысып отырмыз. Сіздерден ресми және сенімді көздерден алынған ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз»,  делінген үндеуде.