• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Тамыз, 2024

Павлодарда анасы абайсызда сәбиін тұншықтырып алған

68 рет
көрсетілді

Павлодарда бір аптада екі сәбиді аналары омырауына тұншықтырып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға Павлодар облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің  үндеуінен кейін белгілі болған.

«Анасы түнде емізіп жатып ұйықтап кеткен. Баланың туғанына 28 күн болған. Сәби анасының омырауына тұншығып көз жұмды», деді Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жұлдыз Шахитдинова.

Дәл осындай екінші жағдай 14 тамызда болған.

«Баланың туғанына екі ай жеті күн болды. Салмағы аз, өйткені шала туған. Емізіп жатқан кезінде анасы ұйықтап қалды. Сағат 03:15 - те әйел оянып, баланы өлі тапқан»,  деді дәрігер.

Медициналық мекеме дәрігерлерінің айтуынша, өткен жылы Павлодар облысында осындай жағдайдан бір жасқа дейінгі 13 бала қайтыс болса, биыл төрт жағдай тіркелген.