• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Тамыз, 2024

Рұқсат етілген салмақтан артық жүк тиегені үшін салынатын айыппұл мөлшері қанша

73 рет
көрсетілді

Астанада қыркүйек айында  көлік өлшейтін автоматтандырылған жүйе іске қосылады. Артық жүк үшін көлік иелеріне 3,7 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сынақ режимінде жұмыс істейтін жаңа жүйе қалаға Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қосшы, сондай-ақ Қараөткел және Малотимофеевка кенттері тарапынан орнатылған. Соңғы бір айда 10 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелген.

Көлік құралдарының рұқсат етілген массасы төменде келтірілген нормадан (тоннамен) аспауы тиіс:

үш осьті (М3 санатындағы буынды автобустарды қоспағанда) – 25 тонна; төрт осьті, оның ішінде екі басқарылатын осі бар – 32 тонна;  бес осьті – 38 тонна  алты немесе одан да көп осьтері бар – 44 тонна.

Айта кетейік, жалпы салмақ жүктің де, көліктің де салмағын қамтиды.

Осылайша автоматтандырылған өлшеу жүйесі, олардың әрқайсысы автокөлік құралының динамикасындағы оське шаққандағы массаны өлшейді және рұқсат етілген салмақ параметрлерінен асып кету жағдайларын тіркейді. Автокөліктің шамадан тыс салмағы анықталған кезде жүйе автоматты түрде фотофиксация жасайды, содан кейін ақпарат көлік дерекқорының ақпараттық-аналитикалық жүйесіне беріледі. Бұл Көлік комитетіне салмақ нормаларынан асып кетуге байланысты құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды жедел жіберуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар айыппұлдардың мөлшері оське шаққандағы салмақтың арту дәрежесіне байланысты және кәсіпкерлік түріне байланысты – шағын, орта немесе ірі – 40 АЕК-тен (147 мың 680 теңге) 1000 АЕК-ке (3 млн 692 мың теңге) дейін өзгеруі мүмкін.