• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 23 Тамыз, 2024

Тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» турнирі өтті

68 рет
көрсетілді

Астанада тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» республикалық турнирінің финалдық кезеңі өтті. Сайыс Парламент Сенаты мен Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Жарыстың шешуші сынына өңірлік деңгейдегі ойындарда үздік шыққан 80 жеңімпаз қатысты. Олардың қатарында мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері бар.

Ұйымдастырушылардың ай­туынша, турнирдің басты мақ­саты – көшпелілердің көне­ден келе жатқан зияткерлік ойынын дәріптеу. Сондай-ақ са­йыс елімізде мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына орай және қыркүйек айында елордада жалауы желбірейтін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын қолдау мақсатымен өткізілгенін де айта кеткен абзал.

Іс-шараға арнайы барып, финалдық ойындарға қатысушыларға сәттілік тілеген Сенат депутаты Геннадий Шиповских Палата төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың отырысында төл құндылықтарымызды дәріптеу және тарихи санамызды жаңғырту мәселесіне баса мән берді. Бұл ретте тереңнен тамыр тартатын тоғызқұмалақ ойыны маңызды рөл атқарады. Мәслихаттардың 30 жылдығы аясында Парламент Сенаты мен Тоғызқұмалақ федерациясы бірлесіп ұйымдастырған сайыс алдағы уақытта игі дәстүрге айналады деп сенемін. Шешуші кезеңнің санаулы күндерден кейін басталатын V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының қар­са­ңында өткізілуінің де символи­ка­лық мәні зор», делінген жеделхатта.

Бұған дейін бір жарым ай бойы еліміздің 20 өңірінде, оның ішінде шалғай елді мекендерде де іріктеу турнирлері өткізілген еді. Облыстардағы ойыншылардың деңгейін арттыру мақсатымен шеберлік сабақтары да ұйым­дастырылды.

Тартысты өткен сайыстың нәтижесінде Батыс Қазақстан облысынан келген қатысушы­лар (Думан Шанов, Әділхан Нау­рыз­бай, Аяжан Біржанқызы, Сая­­жан Біржанқызы) жеңімпаз атанды. Екінші орын – Қызылорда қала­сының командасына (Берік Алтын­бекұлы, Жандос Дос­жан, Дидар Сәрсен, Райкүл Еш­мұратова) бұйырды. Ал үздік үштікті Пав­лодар қаласының ойыншылары (Арыстанбек Жанбек, Жәнібек Жұмабаев, Мейір Нұржан, Лариса Рублева) түйіндеді.