Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс медаль еншілеген қазақстандық спортшы Нариман Құрбанов сүйіктісі Аида Бауыржановаға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аида Бауыржанова Нариман Құрбановтың ұсыныс жасағаны туралы Instagram парақшасында Stories бөлімінде жариялады.
Ол Stories бөліміне сақинамен бірге түсірілген фотосына «Махаббатпен» деп жазып, спортшыны белгілеп қойған.
Айта кетейік, жуырда Нариман Құрбанов қыркүйек айында қазақ қызына үйленетіні туралы айтқан болатын.