25 тамыз күні сағат 17: 40 шамасында Каспий теңізінің «Солдат» жағажайы аумағында 18 жастағы жігіт суға батып кеткен еді, деп жазады Egemen.kz.
Маңғыстау облысының тұрғыны жүзу аймағынан тыс жерде, жағалаудан 300-400 метр қашықтықта суға секірген. 2006 жылы туған жігіт сүңгіген жерде су тереңдігі 3-4 метрді құраған.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оның денесі бүгін таңғы сағат 7: 50 шамасында табылғанын мәлім етті.
«Іздестіру-құтқару жұмысы барысында «Солдат» жағажайы аумағында жағалаудан 300 метр қашықтықта, екі метр тереңдіктегі судан жас жігіттің мәйіті табылып, шығарылды», делінген облыстық ТЖД хабарламасында.