• RUB:
    5.27
  • USD:
    480.63
  • EUR:
    535.13
Басты сайтқа өту
Банк 26 Тамыз, 2024

Ұлттық банк жаңа монеталарды айналымға шығарады

97 рет
көрсетілді

Ұлттық банк Рақымжан Қошқарбаев пен Кемал Ақышевтың 100 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, монеталар 2024 жылғы 28 тамыздан бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

2024 жылы Қазақстанның Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының батыры – Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады.

Монеталар мельхиор қоспасынан (МН 25) жасалды, массасы – 15 грамм, диаметрі –  33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.

Монетаның бейнесі

2024 жылы көрнекті археолог және ғалым Кемел Ақышевтың туғанына 100 жыл толды. Оның басшылық етуімен Алматы қаласы маңындағы Есік қорғанына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында «Алтын адам» табылды.

Монеталар мельхиор қоспасынан (МН 25) жасалды. Монета массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.

Монетаның бейнесі

«Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады», делінген хабарламада. 

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Соңғы жаңалықтар