• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Тамыз, 2024

«Тізімде қайтыс болғандар да жүр»: Ақтөбеде тұрғын үй кезегі қызметіне талдау жасалды

75 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй кезегін уақтылы түгендеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне талдау жасап, көптеген кемшіліктерді анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қадағалау органы басқа өңірлерге тұрақты тұру үшін қоныс аударған, еңбек қатынастары тоқтатылған, баспанасын жекешелендіріп алған жүзден астам азаматтың пәтер алу кезегінде әлі де бар екенін анықтаған.

«Сонымен қатар мұқтаж азаматтардың тізімінде  қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған. Талдау нәтижесімен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдерін түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегені анықталды. Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заң бұзушылықтар жойылды», делінген хабарламада.

Анықталғандай, Ақтөбе облысында 36 мыңнан астам адам кезекте тұр, оның ішінде көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындар бар.