• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Тағайындау 27 Тамыз, 2024

Астанада Нұра ауданының әкімі ауысты

148 рет
көрсетілді

Бүгін Астана қаласы мәслихатының сессиясында депутаттар  Ришат Тұрдыбековты Нұра ауданының жаңа әкімі қызметіне сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астанада Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Нұра ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға 44 жастағы Ришат Тұрдыбеков кірісті»,  делінген елорда әкімдігі таратқан хабарламада.

Ришат Тұрдыбеков еңбек жолын 2001 жылдан бастап «Автолизинг Қазақстан» ЖШС (Алматы қаласы) компаниясында бастаған. 

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап елорданың Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған. 

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді.