2023-2027 жылдар аралығындағы Жол картасы аясында 100 қосымша білім беру нысанының құрылысы жоспарланып отыр. Оның ішінде 37 оқушылар сарайы және 63 өнер мектебі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы 9 оқушылар сарайы пайдалануға берілген. 2024 жылы — 13, 2025 жылы — 20, 2026 жылы — 24, 2027 жылы — 34 нысан ашылады.
Құрылыс кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл нысандар оқушылар мен жас таланттарды дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ұсына отырып, мәдени және білім беру кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік береді.