Ақмола облысының Бұланды ауданында ер адам қызметтік міндеттерін атқару барысында жан тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Облыстық Полиция департаменті 41 жастағы ер адамның үстіне топырақ үйіндісі құлағанын растады. Ақмолалық тұрғын алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болған.
Қайғылы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша «абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.