• RUB:
    5.26
  • USD:
    480.59
  • EUR:
    536.58
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 00:38

Алматыда жолаушылар автобусы жылдамдықпен келе жатқан көлікке соқтығысты

20 рет
көрсетілді

Алматының Түрксіб ауданында жолаушылар автобусы бар жылдамдықпен жол талғамайтын көлікке соғылып, жеңіл көліктің жолаушысы зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның кеше таңертең болғанын хабарлады.

- Жұмабаев пен Кассин көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсінде қиылысқа шыққан автобус пен Mitsubishi көлігі соқтығысты, - делінген хабарламада.

Жол талғамайтын көліктегі жолаушы соқтығыс салдарынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

- Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.