• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 29 Тамыз, 2024

Атырауда емхана директоры, бас есепші мен шаруашылық меңгерушісі 231 миллион теңге жымқырған

58 рет
көрсетілді

Атырауда емхананың директоры, бас есепші мен шаруашылық меңгерушісі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды. Олармен сыбайлас болған кәсіпкерге де сот үкімі шықты, деп жазады Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 26 тамыздағы сот ісіне онлайн режимде облыстық денсаулық сақтау басқармасының және 28 ведомстволық мекеменің қызметкерлері қосылған.

Атырау қаласының соты №4 Атырау қалалық емханасының директоры Е.Сабировқа, шаруашылық меңгерушісі А.Әлжановаға, бас бухгалтер М.Дүйсенғалиеваға және кәсіпкер А.Ералиеваға қатысты үкім шығарды.

«Сотталушылар заңнама талаптарын бұза отырып жасалған шарттар шеңберінде іс жүзінде қызмет көрсетусіз кәсіпкерге 231,8 млн теңге сомасында ақша аударған. Олар қаражат жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оларға 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Емхана басшысы Е.Сабиров өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару, ал, Әлжанова, Дүйсенғалиева және Ералиева мемлекеттік ұйымдарда 7 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.