• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

47 жастағы ер адам Каспий теңізіне батып кетті

37 рет
көрсетілді

Ақтауда «Алау» балалар лагерінің маңындағы жағалауда ер адам суға батып кетті, деп жазады Egemen.kz.

Жергілікті басылым мәлімдегендей, қайғылы оқиға бүгін 30 тамыз күні таңғы сағат 9:54-те болды.

Оқиға куәгерлері 1977 жылы туған ер адамның мәйітін тауып алып, судан шығарған.

«Ол суға түсуге тыйым салынған аймақта суға түскен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады өңірлік құтқарушылар.