• RUB:
    5.27
  • USD:
    480.63
  • EUR:
    535.13
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қыркүйек, 2024

Жамбылдық жас шенеунік жұмысын сынағандарға жауап берді

82 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек Facebook-тегі парақшасында өзінің жұмысын не үшін жарнамаламайтындығын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оған жақында Астанадан бір жерлесі хабарласқан көрінеді.

"Сен елге барғанда қатты қуандық, біраз шаруа атқарады деп едік, дым бітірмей жатырсың ғой", - деген ол салған жерден.

- Оның уәжін "жұмысыңның жарнамасы жоқ қой" деп қабылдадым. Жауабым әрқашан біреу: істің түбін көрмей бетін жылтыратып кетуден аулақпын. Әйтпесе екі жұмыс болады. Көзбояумен "жылдам жеңіске" жетерсің, бірақ тағдыры қысқа, арты шала. Екі жұмыс, есіл уақыт. Қызмет уақытша, ал түбі туған жерде қаламыз. Ел бетіне істеген ісіміз үшін ұялмай қарай алатындай болуымыз керек. Принципім – осы, – дейді Әбілхайыр Тамабек.

Соңғы жаңалықтар